Елордада театр әртістері мен әскери қызметкерлер бір сахнада өнер көрсетті
Ал елордадағы Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Әлия» спектаклі көрсетілді. Жаңа форматтағы туындыда Ұлттық ұланның ерлер хоры мен үлгілі-көрсетімді оркестрі соғыс жылдарындағы түрлі патриоттық әндерді орындады.
Қойылым Жеңістің 80 жылдығына және қазақтың бұрымды батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай қойылды. Спектакльде аты аңызға айналған даңқты қыздың өмірі ғана емес, жалпы қазақ әйелдерінің табандылығы мен жанқиярлығы суреттелген. 30-ға жуық әскери қызметкер қосалқы рөлдерді сомдап, нағыз зұлмат жылдардың ауыртпалығын сезіндірді. Көрермен көзіне жас алып, ыстық ықыласпен қабылдады.
Бауыржан Алтынбеков, Ұлттық ұлан ерлер хорының жетекшісі:
Біздің міндетіміз - сол соғыс алаңындағы жүрген сарбаздардың, соғыстан тыс демалыс уақытының қалай өтетінін көрсету болды. Түнгі, кешкі уақытта сәлде болсын өздері демалып, ән айтып, елге деген сағыныштарын басып күш жинайитын, өздерінің сүйген аруларын, келіншектерін еске алып отырған атмосфераны көрсетуге тырыстық.
Ернұр Медет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner