Жеңістің 80 жылдығына арналған инсталляциялар орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жеңістің 80 жылдығына арналған инсталляциялар орнатылды

Жеңістің 80 жылдығына арналған инсталляциялар орнатылды

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған интерактивті инсталляциялар орнатылды. Онда сарбаздардың соғыс кезінде өз жақындарына жазған хаттары, сирек кездесетін фотосуреттер мен архивтік құжаттар көрсетіледі. Бәрі жасанды интеллектінің көмегімен жүктелген. Сондықтан 3D форматта тамашалап, сол заманда жүргендей күй кешесіз. «Жастар» саябағында орналасқан бірегей алаңда қала тұрғындары мен қонақтары соғыс туралы фильмдерді де ашық аспан астында тамашалады. Сондай-ақ көшпелі шеберханаларға кіріп, батырлардың суретін салып, оригами жасады.

Жанель Өтеулі

Автор
Редакция
Бөлісу