Бүгін Үндістан мен Пәкістан бір-біріне зымырандармен тағы да соққы берді
Бүгін Үндістан мен Пәкістан бір-біріне зымырандармен, дрондармен тағы да соққы берді. Шабуылдан үндістандық Кашмирде 5 адам қаза тапқан. Жағдайдың ушығуына байланысты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеме жасап, екі ядролық мемлекетті келісімге келіп, шиеленісті жеңілдетуге шақырды. Соңғы мәліметке қарағанда, қазір Дели де, Исламабад та кері шегініп, тайталасты доғаруға дайын екенін білдіріп отыр. Айта кетсек, екеуара жанжалдың өршуіне сәуірдің 22-де үндістандық Кашмирде 26 туристің өлтірілуі себепші. Сол шабуыл үшін Үндістан Пәкістанды айыптады. Алайда Пәкістан тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner