Пәкістан мен Үндістан арасында атыс тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Пәкістан мен Үндістан арасында атыс тоқтады

Пәкістан мен Үндістан арасында атыс тоқтады

Үндістан мен Пәкістан арасында атыс тоқтап, тыныштық орнай бастады. Мұндай жағдайды әсіресе үнділер бақылауындағы Кашмир мен Пунджабта байқауға болады. Тараптар атысты тоқтату туралы келісімді мамырдың 10-да жасады. Көрші мемлекеттер бұл шешімді АҚШ-тың қысымымен қабылдаған. Өткен аптада Оңтүстік Азияның екі ядролық державасы бір біріне зымырандармен, дрондармен соққы беріп, ондаған адам қаза тапты. Қарулы қақтығыстың басталуына сәуірде 26 үнділік туристік өлтірілуі себепші. Сол шабуыл үшін Дели Ислабамадты айыптады. Алайда Пәкістан өзіне тағылған кінәні жоққа шығарғаны белгілі. 

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу