Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер Түркияда өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер Түркияда өтуі мүмкін

Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер Түркияда өтуі мүмкін

Ресей мен Украина арасында атысты біржола тоқтату туралы келіссөздер Ыстанбұл қаласында өтуі мүмкін. Ресей Президенті мамырдың 15-і күні Ыстанбұлда Украинамен бейбіт келіссөздер өткізу туралы ұсынысын Түркия Президенті қолдайтынын жеткізді. Біз атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілік үшін келіссөздер өткізуді қоса алғанда, кез келген үлес қосуға дайынбыз, - деп мәлімдеді Ердоған. Әлемдегі бірқатар елдердің басшылары да бұл келіссөздер 3 жылға созылған соғысты тоқтатуға бағытталған нақты қадам болар еді деген баға берді.

Айдос Әшімұлы

Автор
Редакция
Бөлісу