Құрбан айттағы демалыс үш күнге созылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Құрбан айттағы демалыс үш күнге созылады

Құрбан айттағы демалыс үш күнге созылады

Биыл мұсылман жұртының Құрбан айт мейрамы 6 маусымға сәйкес келеді. Демек жұма күні ресми түрде бір күндік демалыс.

Осылайша аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 6,7,8 маусымда үш күн қатарынан демалады. Ал 6 күндік жұмыс аптасындағылар 6,8 маусымда демалып, 7 маусымда жұмысқа шығады. Айта кетейік, Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң Құрбан айт мейрамы тойланады. Бұл күндері мұсылмандар құрбандық шалып, жақындарына, мұқтаж жандарға көмектеседі.

Ақниет Балтанова

Автор
Редакция
Бөлісу