О.Бектенов ірі өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар О.Бектенов ірі өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді

О.Бектенов ірі өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді

Елде ірі өнеркәсіпті дамыту бағытында инвестиция көлемі 10 млрд доллар болатын 5 ірі жоба іске асырылып жатыр. Үкімет басшысы өткізген арнайы кеңесте сала министрі осылай деді. Жоба жүзеге асса, 9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру ісі Абай, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жүзеге асады. Бұл – жоғары сапалы өнім шығаруға, заманауи технологияларды енгізуге және бәсекеге қабілетті орта қалыптастыруға бағытталуы керек деген Премьер-Министр, мемлекеттік органдарға жобаларды сапалы жүзеге асыруды қадап тапсырды. 

Серік Жұмабек

Автор
Редакция
Бөлісу