Шығыс Қазақстанда 2 адамнан бруцеллёз дерті анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда 2 адамнан бруцеллёз дерті анықталды

Шығыс Қазақстанда 2 адамнан бруцеллёз дерті анықталды

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында бруцеллёз дертіне шалдыққан екі адам тіркелді. Қазіргі уақытта науқастар медициналық мекемеге жатқызылды, ал олармен байланыста болған 12 адам дәрігерлердің бақылауына алынды.

Бруцеллёз — малдан адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Биыл облыста Марқакөлмен қатар Зайсан және Үлкен Нарын аудандарында да осы дерттің ошақтары анықталған. Былтыр өңірде 36 адам бруцеллёзге шалдыққан. Індеттің алдын алу мақсатында малдарға жаппай вакцина егу жұмыстары басталды. Облысқа 5 миллион доза арнайы вакцина және диагностикалық тест жеткізілген.

Бұл шараларға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Автор
Редакция
Бөлісу