Мүгедектігі бар 15 мыңдай адам жұмыспен қамтылды
Жыл басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше елде аталған санаттағы 737,4 мың адам тіркелген, олардың 376,7 мыңы еңбекке қабілетті. Жұмыс істеп жүргендердің үлесі 108,9 мың адам. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар тұрақты және әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» және «Бастау Бизнес» жобалары бойынша жұмысқа орналастырылады. Бүгінде еліміз бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған 226 арнайы жұмыс орны бар.
Серік Жұмабек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner