«Түнгі Бозоққа саяхат» фестивалі өтті
Астана іргесіндегі Бозоқ археологиялық паркінде алғаш рет «Түнгі Бозоққа саяхат» фестивалі өтті. Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған шараға белгілі тарихшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жауаптылар фестивальдің мақсаты — жастарды тек кітаппен емес, ертең тарихқа айналатын бүгінгі күнмен тәрбиелеу екенін айтады. Бүгінде Бозоқта ірі тарихи кешен құрылысы басталған. Болашақта бұл жерде дәстүрлі ойындар, атқа міну сабақтары мен тарихтан сыр шертетін түрлі қойылымдар көрсетілмек.
Қажымұрат Төлегенұлы, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері
Көп іс-шаралар қаланың ішінде болады да қарапайым халық оны көре алмай жатады. Өйткені ол қаланың іші, көбі ақылы. Бізде барлығы тегін түрде, қаланың шетінде қарапайым халыққа демалыс үшін біз осындай іс-шара ұйымдастырып отырмыз.
Серік Жұмабек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner