Жастарға арналған ипотекалық бағдарламаға 2026 өтініш түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жастарға арналған ипотекалық бағдарламаға 2026 өтініш түскен

Жастарға арналған ипотекалық бағдарламаға 2026 өтініш түскен

Жастарға арналған ипотекалық бағдарламаға 2026 адам өтініш берген. Еліміздің 17 өңірінде іске қосылған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның бастапқы жарнасы 10-20%, ал жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9% аралығында. Бүгінде «Отбасы банк» филиалдарына бағдарламаға қатысушылардың 81%-ы өтініш берген. Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, ал 321 жас баспана іздеу процесінде. Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ақниет Балтанова

Автор
Редакция
Бөлісу