Жамбыл облысында халықаралық бауырсақ фестивалі өтті
Жамбылда бауырсақ пісіруден халықаралық фестиваль өтті. Бұл сайысқа ТМД мемлекеттері мен еліміздің бірнеше өңірінен студенттер қатысты. Тіпті қыздардан қалыспай, жігіттер де жарысқа түсті. Олар әуелі тау шатқалында қазан көтеріп, отын дайындады. Ал сарапшылар май мөлшерін есептеп, оның қыздыру уақытын да қадағалады. Сайысқа қатысушылар түркі тілдес елдерге тән бауырсақтың оннан астам түрін пісірді. Студенттердің барлығы жұмысшы мамандықтарында оқиды. Сондықтан ұйымдастырушылар фестиваль аясында Президент айтқан кәсіптік мамандықтардың беделін арттырмақ. Сол арқылы аспаздық өнерді дамытуға ден қойыпты.
Кәміл Ғизбуллин, студент /Татарстан/:
Біздің Татарстанда да тағамның бұл түрі Қазақстандағыдай бауырсақ деп аталады. Пісіру әдісі де өте ұқсас. Тек татар ұлты малдың бауыры мен тауық етін тоқашқа дәм келтіру үшін себелеп қосады. Қазақтың бауырсағы да өте дәмді екен. Өз еліме барғанда жақындарыма әзірлеп беремін.
Данияр Әлімқұл
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner