Президент Армения Ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президент Армения Ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады

Президент Армения Ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады

Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-саттық көлемін арттыруға ықпал ететін нақты шараларды қолға алу керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян осылай деді. Мемлекет басшысы Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі ретінде атады. Бүгінде қазақ-армян қарым-қатынасы жоспарға сай дамып келеді. Бұған тұрақты саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар ықпал етіп отыр. Ален Симонян Арменияның Қазақстанмен экономикалық байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін жеткізді.

Оңғар Алпысбайұлы 

Автор
Редакция
Бөлісу