БҰҰ министрлік конференциясына Қазақстан қатысты
Қазақстанның бітімгерлік әлеуетін күшейтіп, контингенттің өкілеттігін кеңейту маңызды. Берлинде өткен БҰҰ министрлік конференциясында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов осылай деді. Сондай-ақ ол Қазақстанның стратегиялық тасымалдау әлеуетін БҰҰ операцияларына тарту идеясын ұсынып, ұзақ мерзімді келісімдер әзірлеу қажеттігін айтты. Жиында бітімгерлік миссияларының тиімділігі, бейбіт тұрғындарды қорғау, бітімгерлер қауіпсіздігі және әйелдердің бітімгерлік операцияларға қатысуы сынды мәселелер де көтерлді.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
Қазақстан бітімгерлерді даярлаудың толық циклын жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын атап өткім келеді. Қазақстан бітімгерлік операциясы орталық базасында БҰҰ штабтағы офицерлер курсы және халықты қорғау курсы сертификатталған. Бұл орталықта қазақстандық әскери қызметшілермен қатар өңірлік және алыс шетелдердің әскери және полиция құрылымдары дайындықтан өтеді.
Серік Жұмабек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner