Елімізде ауыл шарушылығы құрылымдарына 91,5 млрд теңге бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде ауыл шарушылығы құрылымдарына 91,5 млрд теңге бөлінген

Елімізде ауыл шарушылығы құрылымдарына 91,5 млрд теңге бөлінген

Арқалыққа сапары барысында Олжас Бектенов Қостанай облысының шаруаларымен кездесіп, көктемгі егіс науқанына дайындық барысын пысықтады. Диқандар ылғалды толық жауып, дән егуге кіріскен. Биыл өңір шаруалары 5,1 млн гектар алқаптан өнім алмақ. Мемлекет қолдауымен шаруаларға тұқым, дизель отыны мен минералды тыңайтқыштармен толық жеткізілген. Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдарына 91,5 млрд теңге бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп.

Борис Князев, «Алтынсарино» ЖШС директоры:

Ауыл шаруашылығын қолдауға 700 млрд теңге бөлініп, бұл соманы 1 трлн теңгеге дейін жеткізу көзделіпті. Бұған қуанып отырмыз. Енді өндіріс көлемін арттыруымыз керек. Сондай-ақ әлеуметтік қолдау көрсетуге де тырысамыз. Мысалы, біздің шаруашылық 10 жайлы үй салып жатыр. Былтыр газдандыру, жол салу мен абаттандыру жұмыстарына шамамен 1 млрд теңге жұмсалды.

Мәдина Нағашыбай

Автор
Редакция
Бөлісу