Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Ал Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың дамыту мәселелерін талқылады. Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді. Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Талқылау соңында Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.


Автор
Редакция
Бөлісу