Румынияда президент сайлауының ресми нәтижесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Румынияда президент сайлауының ресми нәтижесі жарияланды

Румынияда президент сайлауының ресми нәтижесі жарияланды

Румынияда президент сайлауының ресми нәтижесі жарияланды. Оған сай, Бухаресттің либералдық мэрі Никушор Дан жеңіске жеткен. Саясаткер Трампты қолдайтын оппоненті Джордже Симионды сенімді түрде басып озған.

Жеңіске жеткен кандидат Украинаға көмек беруді әрі елдің Еуроодақпен интеграциясын қолдайды. Сайлау комиссиясының мәліметінше, Данға халықтың 53,6 пайызы, ал Симионға 46,4 пайызы дауыс берген.

Орталық сайлау бюросының дерегіне сай, сайлауда дауыс беруге халықтың 64,72 пайызы қатысқан. Бұл — соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Арай Төлеген


Автор
Редакция
Бөлісу