Қазақстан өмір сүру сапасы жағынан Орталық Азияда көш бастады
Қазақстан халықтың өмір сүру сапасы бойынша Human Progress Index–2025 рейтингінде 196 елдің ішінде 70-орынға көтерілді. Аталған көрсеткіш бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастады.
Салыстырмалы түрде алсақ, Түркменістан – 96-шы, Өзбекстан – 108, Қырғызстан – 119, ал Тәжікстан 128-орынға жайғасты. Талдау барысында халықтың өмір сүру сапасы мен ұзақтығы, білім беру деңгейі, жан басына шаққандағы кіріс, саяси тұрақтылық, дамуға деген мүмкіндіктер ескерілген. Рейтингіге сай, Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жеткен.
Оған емханалардың цифрландырылуы, профилактикалық скринингтер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек стандарттарының жаңартылуы, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық ауруларға ерекше көңіл бөлінуі сеп болған.
Айта кету керек, аталған рейтингте еліміз былтыр 79-шы, ал 2020 жылы 89-орында болған.
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
