Қазақстанның пошта маркасы Мароккодағы конгресте таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстанның пошта маркасы Мароккодағы конгресте таныстырылды

Қазақстанның пошта маркасы Мароккодағы конгресте таныстырылды

Қазақстанның пошта маркасы Мароккода өткен Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының 87-конгресінде таныстырылды. 1924 жылы құрылған қауымдастыққа бүгінде әлемнің 100 елінен 8 мың тілші мүше. Марокко астанасы Рабаттағы басқосуға әлемнің 100 елінен спорт тақырыбына қалам тербейтін 200-ден астам журналист қатысты.

Қазақстандық делегация өкілдері конгресте Халықаралық қауымдастықтың жүз жылдығына орай «Қазпошта» шығарған отандық пошта маркасын таныстырды. Және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, білім беру әлеуетін дамытуға бағытталған «Born Bold» бастамасы жайлы баяндады.

Хо Дон Юн – Спорт баспасөзі халықаралық қауымдастығының Азиялық бөлімінің президенті:

Біз өзіндік креативті стилі, жоғары әлеуеті бар қазақстандық спорт журналистикасының қадамын қызығушылықпен бақылап отырмыз. Қазақстандық делегация қауымдастықтың форумдарына белсенді қатысып, үнемі тың бастама көтеріп отырады. Осы жолы да елдеріңіздің пошта маркасын таныстырғанын мақтан етемін.

Ілияс Омаров – ҚР СІМ қоғамдық дипломатия басқармасының басшысы, Спорт баспасөзі Азиялық қауымдастығының атқару комитетінің мүшесі:

Форумға қатысушылар Қазақстанның спорттық шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесі мен спорт журналистикасының жетістіктерін ерекше атап өтті. Спорт баспасөзі халықаралық қауымдастығы қазақ тарапымен бірігіп, жас репортерлар үшін халықаралық семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Нұрсұлу Қасым


Автор
Редакция
Бөлісу