Астанада ядролық қауіпсіздік бойынша тәжірибе алмаса бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада ядролық қауіпсіздік бойынша тәжірибе алмаса бастады

Астанада ядролық қауіпсіздік бойынша тәжірибе алмаса бастады

Астанада МАГАТЭ өкілдерінің қатысуымен ядролық қауіпсіздікті арттыруға арналған семинар өтіп жатыр. Алқалы жиын бес күнге созылады. Оған отандық және шетелдік жетекші сарапшылар қатысуда. МАГАТЭ сарапшылары тобының жетекшісі Ли Хен У қауіпсіздік мәселелеріне кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның ядролық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі күш-жігерін қолдады. Жиында АЭС салуға Алматы облысының Жамбыл ауданы, Үлкен кентінің аумағы таңдалғаны және ендігі маңызды қадам станса орын тебетін алаңды тікелей анықтау екені айтылды. Мамандар бұл бағытта талқылау жүргізіп жатыр. Семинар барысында дәрістер, тәжірибелік жаттығулар және өзара пікірталас өтеді. Ондағы мақсат – ядролық қауіпсіздік саласындағы тәжірибені арттыру.

Жаннұр Азмағанбетова, ҚР ЭМ атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Қазір Қазақстандағы барлық жоспар осы Қазақстандағы АЭС-ке қатысты алаңды таңдау, оның қауіпсіздігіне шолу, яғни бізде гидрологиялық, метрологиялық қатерлерді алдын ала алып, жоспарлап және соны бағалау болып саналады. Сондықтан бұл семинардың өтуі өте маңызды деп есептейміз.

Азамат Бейбітұлы

Автор
Редакция
Бөлісу