Алматы облысында білім бөлімінің басшысы 8 жылға сотталды
Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен жеті есепші сотталды. Антикоррупциялық қызметтің тергеуі нәтижесінде Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Қаткеева мен сол бөлімнің жеті бухгалтерінің ісі сотта қаралып, бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Олар нақты жұмыс атқармаған қызметкерлерге жалақы аударып келген. Қаткеева өзінің жүргізушісін мектепке жалған жұмысқа орналастырып, 4,9 млн теңге заңсыз жалақы төлегені үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына шектелді. Ал оның бухалтерлері 7-8 жыл аралығында түрмеге қамалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ернұр Медет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner