«Талдықорған – Үшарал» газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды
Жетісу облысында «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды. Оның жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асады. Президент тапсырмасымен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы бұл жобаны мерзімінен 1,5 жыл бұрын ерте аяқтап, 80 нен астам елді мекенді көгілдір отынмен қамтымақ.
«Талдықорған – Үшарал» магистральді құбырының бойында қазір 6 автоматты газ тарату станциясы салынып жатыр. Жұмысқа 150 дей техника мен 350 ден аса адам жұмылдырылған.
Руслан Сүйіндіков, «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалының директоры:
Август, сентябрь айында толық жұмыстарды бітіріп, испытанияға кірісіп, күзгі қысқы мерзімге дейін газ беруге тырысамыз. Бұның қуаттылығы 11 мың текше метр сағатына есептелген. Жоба бойынша қажеттілігін толық жабады.
Ауқымды жобаға ҚР Энергетика минстрлігі мен «Самұрық-қазына» қоры қолдау көрсеткен. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы және облыстық әкімдік пен мердігер бірлесе жұмыс атқарып, құрылысты мерзімінен ерте аяқтауды жоспарлап отыр.
Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» ҰК» басқарма төрағасы:
Келісім шарт бойынша бұл жобаның аяқталу кезеңі 2026 жылдың соңы еді. Алайда жобаның әлеуметтік экономикалық маңыздылығын ескере отырып «Қазақгаз» ұлттық компаниясы жұмысты екі есеге қарқындатты. Жалпы жоба кезектен тыс осы кестеден бір жарым жылға ерте тапсырылатын болады.
«Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры іске қосылса, 84 елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі. Ал облыс бойынша газбен қамту көрсеткіші 71,4 пайызға жетіп, 500 мың тұрғын игілігін көрмек.
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
