Елордада Қазақстан музейлерінің конгресі басталды
Астанада Қазақстан музейлерінің ІІІ конгресі басталды. Үш күнге жоспарланған шараға Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Түрікменстаннан белгілі реставратор-ғалымдар мен жетекші сарапшылар шақырылған. Олар өз тәжірбилерімен бөліседі. Жиында археологиялық, көркем және мәдени мұраны сақтау бойынша панельдік сессиялар, практикумдар мен шеберлік сағаттары өтеді. Сонымен қатар музей ісіндегі заманауи технологиялар мен халықаралық тәжірибе де кеңінен талқыланбақ. Айта кетейік, биыл шара аясында Ұлттық музей жанынан ғылыми консервация және реставрация орталығы ашылады. Бүгінде Қазақстан музейлерінің қорында 4,5 миллионнан астам құнды жәдігер бар.
Ақмарал Ибраева, ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары:
Реставрация мәселесі, әсіресе, музей заттарын сақтап қалу, қалпына келтіру бүгінде өте өзекті. Археологиялық қазба жұмыстарынан, этнографиялық экспедициялардан табылған көптеген құндылықтар біздің климатқа, ауа райына сәйкес келе бермейді. Сондықтан жердің астынан алынған дүниелерді қайтадан қалпына келтіру, тазалау, оларды ғылыми тұрғыда зерттеу мәселесі осы реставрация және консервация мәселелеріне арналады.
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
