Испанияда бұқаралық туризмге қарсы шеруге мыңдаған адам қатысты
Испанияның Канар аралдарында баспана бағасы шарықтап барады. Бұған бұқаралық туризм себеп болды. Осылай деген жергілікті тұрғындар ауқымды шеруге шықты. Оған мыңдаған адам қатысып, үкіметтен келушілер санын шектеуді талап етті. Саяхатшылардың көбеюінен жолдарда көлік кептелісі ұзарып, экология ластанып, су тапшылығы туындай бастаған. Айта кетсек, бұл аймақта 2 милллиондай адам тұрады. Ал айына келетін туристер саны миллионнан асып кеткен. Дегенмен, туризмнен түскен табыс – бұл аралдар үшін негізгі кіріс көзі. Сондықтан жергілікті билік өкілдері Еуропа одағынан үй құрылысына қаражат сұрау үшін өткен аптада Брюссельге аттанған.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner