Шымкентте жас отбасыларға жалдамалы пәтер берілмейді
Шымкентте жұмыс істейтін жас отбасыларға жалдамалы пәтер берілмейтін болды. Бұл топтағы азаматтар мемлекеттің мұндай қамқорлығын 2019 жылдан бері пайдаланып келді. Мегаполисте жыл сайын 1 мыңға тарта жас отбасы тек жалдау ақысын төлеп, жайлы пәтерлерде тұрды. Жергілікті билік биылдан бастап бұл бағдарламаны тоқтатты, сондықтан жастарға тұрып жатқан баспаналарын босату туралы ескерту қағазы берілді. Енді жастарды тұрғын үймен қаматамасыз ету үшін ипотекалық несие беріледі. Қала әкімдігі мен Отбасы банкі арасында келісім жасалып, жастар «Қамқор» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Олар тұрғын үй бағасының 10 пайызын алғашқы жарна ретінде төлеп, 20 млн теңгеге дейін несие ала алады. Банк қаржысының қайтарым үстемесі де төмен.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:
Мына бағдарлама шеңберінде қазір бірінші нарық қана емес, екінші нарықтан да пәтер алуға мүмкіндік беріліп отыр. Сонымен қатар егер жеке тұрған жер үй аламын десе, оған да мүмкіндік беріледі.
Ғани Қалмаханов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
