Өскеменде ауаға зиянды қалдықтар тараған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Өскеменде ауаға зиянды қалдықтар тараған

Өскеменде ауаға зиянды қалдықтар тараған

Өскемендегі зауыттардың бірінде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды. Бұл видео кеше түстен кейін әлеуметтік желіде тараған. Титан магний комбинаты орналасқан ықшам ауданда түсірілгені баяндалады. Облыстық Экология департаментінің мамандары тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ауадағы хлордың мөлшері рұқсат етілген концентрациядан асып кету дерегі тіркелді. Мекеме өкілдері тұрғындардың өміріне қауіп жоқ дейді. Дегенмен, есік-терезелерін ашпауға кеңес береді. Комбинатқа қолданыстағы экологиялық заңнама сай шара қолданылатынын хабарлады.

Ал Қазгидромет мамандары бүгін ауа райы күрт құбылатынын ескертті. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қызылорда және Жамбыл облысында шаңды дауыл көтеріледі. Қарағандыда тұман түссе, Алматы, Түркістан және Павлодар өңірінде күн ысып, өрт қауіпі сақталады деп болжады.

Нұрсұлтан Тілектес


Автор
Редакция
Бөлісу