Астанада үздік кітапхана қызметкерлері анықталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада үздік кітапхана қызметкерлері анықталмақ

Астанада үздік кітапхана қызметкерлері анықталмақ

Кітапханаға жасанды интеллект технологияларын енгізу, оған арналған цифрлық экожүйе. Сондай-ақ қоғамдық кітапханаларды дамытудағы заманауи стратегиялар. Бұл тақырыптар бүгін Астанада өтіп жатқан Мәдениет қызметкерлерінің форумында талқыға салынып, сарапшылармен сараланып жатыр. 3 күнге созылатын жиынға музей, театр, кітапхана, архив қызметкерлері мен креативті индустрияның 160-қа жуық өкілі қатысуда. Форумда кітапхана мамандары түрлі жобаларын ұсынып, үздік кітапхана қызметкері номинациясында бақ сынасып жатыр.

Алғабек Хамитұлы, қатысушы:

Бірнеше жоба әзірлеп келген болатынмын. Солардың бірі тез оқуды үйрену жобасы. Біз тек номинацияны қорғап, мақтау қағазын алып кету емес, мақсатымыз. Бұл жерде тәжірибе жинап кету. Ең бастысы білімімізді, тәжірибені молайтып кету. Осы арқылы өзіміздің кітапханаға барып, біз мысалы, облыстық кітапхана болсақ, бізге қарасты аудандық кітапхана, ауылдық кітапханалар бар. Ертең біз соларға үйретуіміз керек, көрсетуіміз керек.

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу