Президент түркі елдерінің байланысын арттыру тәсілін ұсынды
Түркі елдерінің арасындағы сауда-саттықты арттыру тәртібін құжатпен бекіту керек. Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс жасады. Былтыр Қазақстанның Ұйым елдермен арадағы алыс-берісі 11 миллиард доллардан асқан. Президент мұны әлі де арттыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ жиында мұнай, газ, уран басқа да тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыру мәселесі айтылды. Әсіресе Орта дәлізді Шығыс пен Батыстың арасындағы негізгі көпірге айналдырудың маңызы зор. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдерді ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner