Астанада мәдениет майталмандары марапатталды
«Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі аяқталды. Шара аясында мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлері марапатталды.
Биыл 8-рет ұйымдастырылып отырған фестивальге 168 өтінім келіп түскен. Олардың қатарында 32 музей, 86 кітапхана және 50 мәдени-демалыс орталығы бар. Әр сала бойынша аудан, қала, облыстар арасында мықтылар анықталып, 19 аталым бойынша үздіктер марапатталды.
Арна Досболаева, Бөрілі аудандық мәдениет үйі директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары:
Мәдениет саласының қалалық, аудандық мәдениет үйінің ең үздік статусын осы жаңа ғана алып тұрмын. Осындай мәдени додалардың республика көлемінде өтуі ауылда қызмет етіп жатқан адамдарға үлкен шабыт береді. Осы «Рухани қазына» ұлттық қазынамызды халықаралық деңгейде одан әрі насихаттауға маған күш-қуат берді, рақмет.
Байқау үздіктерді анықтап қана қоймай, бағын сынап келгендер үшін тәжірибе алаңы болды. Солардың арасында ағайынды егіздер Бахтияр мен Мадияр Мұхамбеттер де бар.
Бахтияр Мұхамбет, әнші:
Астана қаласына осы «Рухани қазына» фестивалімен жалғасып, өзімізге де жеке шығармашылық бағытпен де келдік. 6 авторлық әніміз бар. Оның тек екеуі ғана қазір жаңа-жаңа таралып жатыр. Тағы да әндерімізді сол порталдарға шығарып, барша Қазақстан, барша көршілес мемлекеттеріміздің бәрі тыңдайды деген ниеттеміз.
Серік Жұмабекұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner