Астанада мәдениет саласының үздіктері марапатталды
Астанада мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай гала-концерт өтті. Оған елордалықтармен қатар өңірлерден келген мамандар қатысты. Қорытынды жиында мәдениет саласындағы үздіктер марапатталды. Оларға «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы мен Президенттің алғыс хаты табысталды. Мемлекеттік наградаларды Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев тапсырды. Биыл осы мереке аясында үш күндік форум ұйымдастырылып, оған 700-ден астам отандық және шетелдік мәдениет өкілдері қатысқан.
Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Бұл күн жәй ғана кәсіби мейрамнан әлдеқайда маңызды. Бұл рухтың, ардың адамгершіліктің салтанаты. Мәдениет ұлттың жаны. Адамды тәрбиелейтін, құндылықты сіңіретін құрал. Сондықтан мемлекет бұл салада адамгершілік пен отаншылдықты насихаттайтын жобаларды ерекше қолдайды.
Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:
Бұл марапаттың беделі де, жауапкершілігі де өте жоғары. Өйткені бұл марапатқа жетудің өзі де бір үлкен еңбек, жылдар. Сенің өнерге жасаған адал қызметің. Ал марапатты алғаннан кейін оны алып жүрудің өзі ол одан да жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Ернұр Медет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner