Қырғызстанға инвестиция салған кәсіпкерлердің құқығы заңмен қорғалады
Қырғызстанға инвестиция құйған кәсіпкерлердің құқығы заңмен қорғалады. Яғни, салған қаражаты қандай да бір жағдайға сәйкес құрдымға кетсе, оған өтемақы төленеді. Бүгін Сенат депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады. Қазақстан Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 1,71 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстаннан экспорт шамамен он пайызға өсті. Қаражат көлемі 1,3 млрд АҚШ доллары. Ал 2024 жылы 9 айдың ішінде Қырғызстаннан 4,8 млн АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Бұл 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда 18% жоғары. Бүгін мақұлданған келісім осы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейді. Инвестордың мүлкі қандай да бір төтенше жағдайда немесе азаматтық тәртіпсіздік салдарынан бүлінсе, өтемақы төленеді.
Әлібек Қуантыров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Кепілдік - ол өтемақының төленуі. Өтемақыны жәй емес, оны тез төлеуі керек және нарықтық құнымен белгіленеді. Еркіндік валютада. Мысалы, евро, доллармен төлейді.
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
