Жұмысшы мамандықтарын дайындауға бөлінетін қаржы 2 есе өседі
Жаңа оқу жылынан бастап жұмысшы мамандықтарын дайындауға бөлінетін қаржы 2 есеге көбейеді. Мәселен, қазір әр студентті дайындауға 437 мың теңге бөлінсе, енді бұл қаржы 1 млн 200 мың теңгеге дейін өседі. Бұл жөнінде инженерлік сала бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Павлодарда өтіп жатқан республикалық кәсіби шеберлік конкурсында айтылды. Шараға еліміздің 10 аймағынан келген радиотехника, электроника және телекоммуникация пәнінің ұстаздары қатысып жатыр.
Марат Нығметов, Павлодар жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің директоры:
Мамандық бойынша республикада 1-рет осындай жарыс болып отыр. Кәсіби педагогтардың арасында өтті. Бұрын бұл конкурс студенттердің арасында ғана болатын. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ұштастыру деп бағалаймыз. Яғни, ол оқушыға қандай білім берді, қандай деңгейде екенін көрсетеді.
Бұдан былай еліміздің кәсіби техникалық білім беру саласына шетелдік оқу орындарының озық тәжірибелері енгізілмек. Себебі заманауи технология бізге сырттан әкелінеді. Яғни, оқу бітіріп шыққан түлек тосырқамай, бірден игеріп кете алады.
Берік Молдакәрімов, конурсқа қатысушы /Жамбыл облысы/:
Қытайлық әріптестерімізбен Жамбыл облысында меморандум жасап жатырмыз. Қазір байланыс саласы 5G технологиясына өтіп отыр. Біз енді сол Орталық Азия мемлекеттері арасында мақтанып айта аламыз. Қазақстан - 5G технологиясын алғашқы игерген мемлекеттің бірі.
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
