2 күннен соң үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 2 күннен соң үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталады

2 күннен соң үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталады

2 күннен соң баспанаға мұқтаж азаматтар үй кезегіне тіркеле алады. «Отбасы банк» өкілдері өтінімдерді қабылдауға арналған orken.otbasybank.kz порталының іске қосылғанын хабарлады. Платформа сенбі күні сағат 09:00-ден бастап жұмыс істейді. Есепке тұру үшін электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, авторизациядан өту қажет. Қызмет көрсету мерзімі - бір жұмыс күні.

Жүйе үміткердің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Егер ол кәмелетке толған болса, ниет білдіруші мен отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл үйі болмаса ғана тізімге енгізіледі. Сондай-ақ есепке алу кезінде оларға дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келеді. Бұл хабарламаға жауап беру керек.

Айта кетейік, бұл тізімге жалғыз баспанасы апатты деп танылған қазақстандықтар да кіреді.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу