Шерзат ісі: Судья күмәнді диалогты тексеруді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шерзат ісі: Судья күмәнді диалогты тексеруді тапсырды

Шерзат ісі: Судья күмәнді диалогты тексеруді тапсырды

Шерзат Полаттың өліміне байланысты 30 шақты бейнежазба түсіріліп, 62 томдық материал жинақталған. Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушылар іс құжаттардағы хаттамалардың біразын оқып шықты. Сондай-ақ жәбірленуші тарап пен сотталушылардың және куәлердің беттестіру кезіндегі видеолары зерделенді. Түске дейінгі процессте сотталушы Дидар Қалиахмет пен марқұмның анасы Гүлбара Бишембиеваның беттестіру хаттамасы оқылды. Сотталушының адвокаты Баймуханова, Бишембиеваның сотта берген жауабы мен беттестіруде айтқандарының арасында қарама-қайшылықтар барын мәлімдеді. Судья Ержан Жанұзақов марқұмның анасын сотқа шақырту жайлы тапсырманы жәбірленуші тараптың қорғаушыларына берді.

Судья күмәнді диалогты тексеруді тапсырды

Судья Ержан Жанұзақов марқұмның анасын сотқа шақырту жайлы тапсырманы жәбірленуші тараптың қорғаушыларына берді. Сондай-ақ сот төрағасы әлеуметтік желіде тараған аудио жазбаға қатысты да қаулы етті.

Бұл аудио сот отырысы аяқталған соң қатысушылар залдан шыға бастағанда эфирден естілген. Диалог кімнің аузынан шыққаны белгісіз. Видеожазбамен танысқан судья прокурордан жазбаның шынайылығын, сөйлескендердің жеке тұлғасын, әңгіме мазмұнын анықтап, тиісті шара қабылдауды тапсырғанын айтты.

Ержан Жанұзақов, сот төрағасы:

Айта кетейін, Конституцияға сәйкес, іске қатысты шешімді тек сот қабылдайды. Кез келген жорамал мен алып-қашпа сөзге жол берілмейді.

Дамир Нұрмұхамет


Автор
Редакция
Бөлісу