Елімізде «Отбасы – тәрбие бастауы!» онкүндігі басталды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды алдағы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Министр мереке қарсаңында «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен онкүндік басталғанын хабарлады. Министр бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын – отбасы. Дәл осы ортада тұлғаның қабілеті дамып, болмысы қалыптасады дейді.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрң:
Президентіміз балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне мемлекет пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі маңызды екенін үнемі айтып келеді. Социологиялық зерттеулерге сәйкес, азаматтардың 90%-ы ата-ана болуды өміріндегі ең маңызды құндылық деп санайды. Ал 85 пайызы ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті – отбасылық әл-ауқаттың негізгі шарты ретінде көреді.
Аида Балаева мемлекет әр бала тек үйде ғана емес, қоғамда да қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленуі үшін барлық жағдайды жасап келе жатқанын айтты. Бұл бағытта Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне маңызды міндеттер жүктелген.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner