Атыраудағы Полиция департаментінде ашық есік күні өтті
Атырауда Полиция департаментінде ашық есік күні өтті. Шара 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» ұлттық онкүндігі аясында ұйымдастырылған. Қаладағы екі мектептің 40 шақты оқушысы ведомстволық музей мен жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, арнайы жасақтың жаттығуын тамашалады. Сонымен қатар кинологтар қызметтік итпен бірге шеберліктерін көрсетті. Бұдан бөлек оқушылар тимбилдинг форматындағы тапсырмалар арқылы полицейлермен қарым-қатынас орнатып, қауіпсіздік мәдениеті туралы ақпарат алды.
Төлеген Қадырбек, оқушы:
Өзімнің болашақ мамандығым осы сала болғандықтан бұл туралы ақпарат білген өте қызықты болды. Біз ПД қаланың ішіндегі камераларын көрдік, әскери адамдармен таныстық. Барлығыңызды заңды ұстанып жүруге шақырамын.
Ғалымжан Сембаев, облыстық ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бөлім бастығы:
Шарамыздың басты мақсаты – бұл балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Оларға балалардың үні естілетін мемлекеттің бар екенін көрсету, түсіндіру.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner