Лавров: Мәскеу Киевке бейбіт келісім шарттарын ұсынуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Лавров: Мәскеу Киевке бейбіт келісім шарттарын ұсынуға дайын

Лавров: Мәскеу Киевке бейбіт келісім шарттарын ұсынуға дайын

Мәскеу Украинаға тұтқын алмасу аяқталғаннан кейін ұзақмерзімдік бейбітшілік келісімінің шарттарын ұсынуға дайын. Мұны Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Айта кетсек, кеше екі ел «мыңға мың» формуласын орындауға кірісті. Оның бірінші кезеңінде тараптар бір-біріне 390 адамнан қайтарды. Үйлеріне оралғандардың қатарында әскерилер мен бейбіт тұрғындар бар. Бұл шара әрі қарай да жалғаспақ.

Ресей мен Украина тұтқын алмасуға өткен аптада Стамбұлда ұйымдастырылған келіссөздер барысында уағдаласты. Бірақ сол кездесуде екі жақ АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған атысты тоқтату жобасы бойынша бір мәмілеге келе алмады.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу