Шерзат ісі: Мәйітке жасалған сараптама қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шерзат ісі: Мәйітке жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

Шерзат ісі: Мәйітке жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

Осы аптада Шерзат Полаттың өліміне қатысты соттың үш отырысы өтті. Сәрсенбі күні сотталушылардан жауап алу аяқталды. Қылмыстық істегі негізгі фигурант Абзал Шынасыл өзіне тағылған айыпты жартылай мойындайтынын мәлімдеді.

«Шерзатқа пышақ сұққан мен емес» деп, тергеу кезінде басқа сотталушылармен өзара келісіп «қылмысты мойнына» алғанын айтты. Сол келісім бойынша Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың пышақталуын тағы бір сотталушы Шыңғыс Белғожаев мойнына алуға тиіс болған. Жауап алу кезінде Абзал Шынасылдың өзі Ғайыпбаевтың жамбасына үш рет пышақ сұққанын айтты.

Осы аптадағы сот отырыснда судья әлеуметтік желіде тараған мына бір бейнежазбаның шынайылығын тексеруді қаулы етті.

Жұма күні мәйітке жасалған сараптама қорытындысы жарияланды. Сарапшы Мұхит Көшеров Шерзат Полаттың өліміне кеуде тұсындағы пышақ жарақаты, сол жақ өкпенің зақымдануы және қанның жиналуы себеп болғанын айтып, макеттің көмегімен көрсетті. Шерзаттың көзінің асты көгергенін, сырылғанын атап өтті. Саусақтары мен сол аяғында сызат болғанын, желкесі қанталағанын айтты. «Егер медициналық көмек жылдам көрсетілгенде аман алып қалуға болатын еді», - деді Мұхит Көшеров.

Ал былтыр Бишімбаев ісінде Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасаған тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров Шерзаттың сол жақ арқа тұсындағы жарақаттың тереңдігі 12 см, ені 2 см болғанын айтты. Соның салдарынан марқұмның «кеуде қуысында 1,5 л қан жиналып қалған» деді.

Ұйымдасып істелген қылмысқа ұқсай ма, әлде бір адамның ғана қылмысы ма? Өткен сот отырыстарын пайымдасақ, National Geographic сияқты арналардан көрсетілетін жабайы табиғатта топтасып шабуылдайтындар туралы фильмдер еске түседі...


Автор
Редакция
Бөлісу