Пәкістанда құмды дауыл мен жауыннан 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Пәкістанда құмды дауыл мен жауыннан 8 адам қаза тапты

Пәкістанда құмды дауыл мен жауыннан 8 адам қаза тапты

Пәкістанның Пунджаб провинциясында құмды дауыл соғып, одан кейін жауын құйған. Соңғы мәліметке қарағанда, 8 адам қаза тауып, 45-і жараланды. Мұны осы аймақтық Апаттармен күрес басқармасы хабарлады. Оның дерегінше, тұрғындардың өліміне үйлердің кенеттен құлауы және қауіпті жерде жүруі себеп болған. Ал провинция астанасы Лахорда ағаштар мен күн энергиясы панельдері құлаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мұнда халыққа үйден шықпау туралы ескерту жасалды.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу