Президент мемлекеттік наградалар тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президент мемлекеттік наградалар тапсырды

Президент мемлекеттік наградалар тапсырды

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан қос бірдей ардагерге мемлекеттік марапат табыстады. Қоғам қайраткері Равиль Шырдабаев «Отан» орденін кеудесіне тақса, танымал хирург Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыз Равиль Шырдабаевты мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан азамат деп айрықша құрметтейтінін айтты. Әсіресе мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек сіңіргенін атап өтті. Сонымен қатар Президент білікті дәрігер, «алтын қолды хирург» ретінде Серік Тоқпановтың саналы ғұмырын ұлт саулығы үшін еңбек етуге арнағанына тоқталды. 

Шерхан Жамбылұлы

Автор
Редакция
Бөлісу