Қостанай облысында 19 млн көшет егетін болды
Биыл Қостанай облысында Ұлттық экологиялық саясат аясында орман алқабына 19 млн дана көшет отырғызылмақ. Оның дені қарағай. Сондай-ақ инновациялық технологияларды қолданатын 6 ірі тұқымбақтың бірі Әулиекөл орман шаруашылығының аумағында ашылады. Алайда әлі де болса бұл салада шешімін таппаған мәселе көп. Өңірдегі алапат өрттен кейін орман алқаптарын қорғау, молайту мәселесіне көңіл бөлініп отыр дейді өңірге барған депутаттар.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Техникалық базаны нығайту, өртті алдын ала анықтау жүйелерін құру, кадрлардың мәселесі, жалақы мәселесі және ғылыми түрде жұмыс жасап ормандарды молайту мәселесінде кемшіліктер бар. Сондықтан өңірлерді аралап, жергілікті жердегі мәселелермен танысып, жалпы мемлекетімізде жүйелі жұмысты қалыптастыруымыз керек.
Мәдина Нағашыбай
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner