Трамп ЕО тауарларына тарифті шілдеге дейін шегерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Трамп ЕО тауарларына тарифті шілдеге дейін шегерді

Трамп ЕО тауарларына тарифті шілдеге дейін шегерді

АҚШ президенті Дональд Трамп ЕуроОдақ тауарларына 50 пайыз баж салығын салуды кейінге қалдырды. Тарифтер шілденің 9-на дейін күшіне енбейді. Ақ үй басшысы мұндай шешімді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін қабылдаған. Ал өткен аптада Трамп еуропалық тауарларға 50 пайыз баж салығын маусымның 1-нен бастап енгізетінін жариялаған еді. Тараптар жақында бұған қатысты жиын өткізбек. Брюссель келіссөз сәтсіз аяқталса, америкалық тауарларға да тариф енгізетінін мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу