«Ливерпульдің» жеңісін тойлау кезінде адамдарды көлік қағып кетті
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті. 47 адам зардап шегіп, олардың 27-сі ауруханаға түсті. Қалғандарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Оқыс жағдай «Ливерпуль» футбол клубының жеңісін тойлау кезінде болған. Жанкүйерлер тарқай бастағанда «Форд» автомобилі бір топ адамды қағып өтеді. Көлік жүргізушісі сол жерде ұсталды. Ол - Ливерпульде тұратын 53 жастағы британиялық азамат.
Полиция оның мұндай әрекетке неліктен барғанын анықтап жатыр. BBC мәліметінше, оқиға лаңкестік әрекет ретінде қарастырылып жатқан жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner