Ақтаулық дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне операция жасады
Ақтаулық дәрігерлер алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне операция жасап, ананың да, баланың да өмірін сақтап қалды. Күрделі операция үшінші сәбиіне аяғы ауыр 28 жастағы әйелге жасалды. Науқастың жүрегіндегі митралды қақпақшасы ауыстырылған.
Дәрігерлер операцияны тез жасауға тырысқан. Себебі мұндай ота кезінде ананың жүрек соғысы уақытша тоқтатылады. Сол уақытта құрсақтағы шақалаққа кері әсер етпеуі керек.
Жергілікті кардиохирург дәрігерлер операцияны Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы мамандарымен телемедицина арқылы кеңесе отырып жасаған. Қазір науқастың жағдайы жақсы, жүктілігі сақталған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner