Ақтөбе облысындағы шахтада 3 кеншіні күйік шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысындағы шахтада 3 кеншіні күйік шалды

Ақтөбе облысындағы шахтада 3 кеншіні күйік шалды

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында оқыс оқиға болып, 3 кенші зардап шекті. Оларды термиялық күйік шалған.

Әзірге оқиғаға не себеп болғаны айтылмады. Зардап шеккендерді шахта қызметкерлері өз күштерімен сыртқа шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Басқа жұмысшылар да түгелдей қауіпсіз аумаққа шығарылды. Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Дәл осы «Болашақ» шахтасында биыл ақпан айында да жарылыс болып, 4 адам зардап шеккен болатын.

Жақсыбек Кемал

Автор
Редакция
Бөлісу