Биыл «Медиамектептің» IV кезеңін 48 студент тәмамдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Биыл «Медиамектептің» IV кезеңін 48 студент тәмамдады

Биыл «Медиамектептің» IV кезеңін 48 студент тәмамдады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2021 жылдан бері тележурналистика саласына мықты мамандар даярлау мақсатында «Медиамектеп» жобасын дәстүрлі түрде жалғастырып келеді. Бұған дейінгі 3 кезеңде 81 студент тегін білім алып, ең үздік шыққан 16 түлек корпорацияға қарасты телеарналарға жұмысқа қабылданды. Ал бүгін «Медиамектептің» IV кезеңі мәресіне жетті. Биыл республика бойынша 14 жоғары оқу орнынан 48 студент іріктеліп алынды. Олардың ішінде аймақтағы ЖОО-нан қабылданған 20 студентке онлайн білім алуға мүмкіндік туды. 7 айдан астам уақытқа созылған оқу кезеңінде студенттер Корпорацияның ең тәжірибелі мамандарынан ақысыз негізде теориялық және практикалық білім алды. Медиамектепті сәтті тәмамдаған түлектерге бүгін сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:

Бұл жылы «Медиамектепте» 2 үлкен ерекшелік болды. Алғаш рет біз тек Астанадан ғана емес, аймақтардан да оқушылар жинадық. Биыл біз 14 университетті қамти алдық. Екіншіден, корпорацияның ішіндегі мықты мамандарды ғана емес, сіздерге дәріс беру үшін арнайы медиамамандарды шақырдық. 
Ләззат Танысбай

Күзеухан Халымұлы, «Медиамектеп» түлегі:

«Медиамектепте» білікті мамандар сабақ берді. Сұхбат алу, қонақты қалай ашу керек деген сияқты көп дүниені үйрендім. Маған Ерқанат Көпжасарұлы жетекші болды. Алдағы жоспар - медиа саласында қызмет ету, мықты журналист болу.

Ақниет Балтанова

Автор
Редакция
Бөлісу