Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарық көргеніне 50 жыл толды
Белгілі ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабының жарық көргеніне биыл 50 жыл. Қаламгерді төрткүл дүниеге танымал еткен бұл туынды 1975 жылы 100 мың данамен жарық көрген. Атаулы күнге орай Алматыда «Түркіславистиканың бастаулары» тақырыбында білім мәдениетін қолдауға арналған конференция өтті. Халықаралық басқосуда оқырманның санасын қалыптастырып, жарты ғасыр бойы түрлі мәдениетті жақындастыруға әсер еткен кітаптың тарихи рөлі талқыланды. Жиын ЮНЕСКО-ның 2022-2029 жылдарға арналған Орта мерзімді стратегиясын, мәдениеттерді жақындастырудың және байырғы тілдердің Халықаралық онжылдығы аясында ұйымдастырылған.
Сағымбай Қозыбаев, тарих ғылымдарының докторы:
Бұл кітап әлем халқының санасына сілкініс жасады. Еңбек жарық көрген жылдардан бастап автордың көрмегені жоқ. Өзі қудаланды, кітаптары өртелді. Десе де, шығарма өзінің тарихи салмағын жоғалтпай, керісінше талғампаз оқырманның жүрегін жаулай түсті. Бүгін Олжас Омарұлы 89 жасқа келсе де, оқырмандарының ортасына келіп, бізбен ой бөлісіп отыр. Ойы тың, әлі де айтары көп.
Қуан Нұрақын
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner