Ұн зауытындағы жарылыс: 4 жұмысшы қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ұн зауытындағы жарылыс: 4 жұмысшы қайтыс болды

Ұн зауытындағы жарылыс: 4 жұмысшы қайтыс болды

Алматы облысында ұн зауытындағы жарылыстан зардап шеккен 4 адам да қайтыс болды. Оның біреуі сенбі күні кешке көз жұмды. Артынша ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатқан 3 жұмысшы да қайтыс болды. Бұл туралы «Азия Агро Фуд» компаниясы хабарлады. Марқұм болған жұмысшылардың алды 49-да болса, біреуі 53 -те, енді бірі 60 жаста. Олар зауытта 15 жылдан бастан 40 жылға дейін еңбек еткен. Компания басшылығы марқұмдардың отбасына көмек көрсетіп, заңмен қарастырылған барлық төлемді төлейтінін хабарлады.

Еске сала кетейін, 23 мамыр күні таңертең сағат он жарымдар шамасында Алматы облысы Жібек жолы ауылында орналасқан «Азия Агро Фуд» зауытында жарылыс болды. Өрт 1380 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккен 4 адам дереу ауруханаға жеткізілген. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айдана Қуантхан


Автор
Редакция
Бөлісу