Ресейде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ресейде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелді

Ресейде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелді

Ресейде коронавирустың жаңа түрі тіркелді. «Бұл осыған дейін 22 елде тараған NB.1.8.1 деп аталатын штамның мутацияға ұшыраған түрі», - дейді мамандар. Өзгелерге қарағанда жаңа індеттің жұқтыру көрсеткіші жоғары, алайда ол «Омикрон» штамынан жеңіл.

Вирус 4 адамнан анықталған, қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында.

Соңғы жылдарда Ресейде коронавирустың жаңа штамдарына қарсы 10-нан астам вакцина қолданысқа енгізілген. Дәрігерлердің мәліметінше, егер індет өрши түссе, жарты жылдың ішінде жаңа екпе шығаруға мүмкіндік бар. Себебі жаз айларында инфекция саны артуы ықтимал.

Индира Бегайдар


Автор
Редакция
Бөлісу