Ақмола облысына спорттық жарысқа барған балалар астан уланып қалған
Ақмола облысының Щучинск қаласына спорттық жарысқа келген балалар астан уланып, ауруханаға түсті.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Қостанайдан келген 10-15 шақты бала астан уланған. Оның төртеуі осы мен тұрған Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасының инфекция бөлімшесінде жатыр. Балалар мұнда кеше түнде жеткізілген, қазір жағдайы жақсы, ем қабылдап жатыр, дейді дәрігерлер. Ал қалған жасөсіпірімдер әзірге Щучинскідегі жекеменшік медициналық мекемеде ем қабылдауда. Жалпы, жасөспірімдер арасындағы жарысты курортты аймақтағы «Жақсы-2» спорт кешені ұйымдастырған. Жекеменшік мекеме жарысты өткізу туралы жергілікті атқарушы органды ескертпей өткізгені белгілі болып отыр. Ал балалардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз, мамандар анықтап жатыр.
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
